20 қарашадан бастап Димаштың Гонконгтағы жеке концертіне билеттер сатылады

2023 жылғы 23 желтоқсанда Гонконгта Stranger әлемдік туры аясында Димаштың жаңа жеке концерті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 dimashnews.com 19 Қараша 2023 2023, 22:34
19 Қараша 2023 2023, 22:34
942
Фото: dimashnews.com

2023 жылғы 23 желтоқсанда Гонконгта Stranger әлемдік туры аясында Димаштың жаңа жеке концерті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әншінің жеке сайты концертке билеттердің қай күні сатылымға шығатынын хабарлады.

Билеттер 2023 жылдың 20 қарашасында (дүйсенбі) Бейжің уақыты бойынша сағат 14.00-де ашық сатылымға шығады.

Билеттерді WWW.HKTICKETING.COM платформасында сатып алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Гонконгта концерт беретіні белгілі болған еді.

Наверх