"20 млн теңге берсең, мәселені реттеймін": Қостанай облысында бопсалаушы блогер сотталды

Блогер видеоны өшіру үшін «Shacman» автомобилін немесе 20 000 000 теңге мөлшеріндегі ақша талап еткен.

 ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова Бүгiн 2026, 17:52
Бүгiн 2026, 17:52
219
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова

Қостанай облысында 20 млн теңге бопсалады деп айыпталған блогерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпанында ер адам кәсіпорын аумағынан өлген және жарамсыз деп танылған құстардың шығарылып жатқанына куә болған.

Мұндай әрекеттер санитарлық нормалар мен биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату ережелерін бұзады. Мұны біле тұра, сотталушы бәрін камераға түсіріп алып, өзінің YouTube-арнасында жариялаған.

Осы жарияланым негізінде уәкілетті органдар тексеру жүргізіп, компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейінірек ЖШС өкілі бейнежазбаны өшіруді өтіну үшін ер адаммен кездескен. Әңгімелесу барысында блогер қолында осындай мазмұндағы тағы бірнеше видео бар екенін мәлімдеген. Сотталушы егер компания өкілі оған Shacman маркалы автокөлігін немесе 20 млн теңге көлемінде ақша берсе, «мәселені реттеуді» ұсынған, – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Сот блогердің кәмелетке толмаған баласының болуын жауаптылықты жеңілдететін жағдай ретінде ескерді.

Сот мән-жайларды ескере отырып, блогерді 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, - деді Қостанай соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұсталған блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды
 
Наверх