Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 маусым күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашын болмайды. Тек еліміздің шығыс жартысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.Оңтүстік-шығыста және шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз шығыста қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел екпіні 25 м/с күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және күндіз тұман түседі.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Жел қарқыны - 15-23 м/с. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жауады.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.