Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 күннің ішінде 1-сыныпқа қабылдау үшін 75 мыңға жуық өтініш түсті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті, - делінген хабарламада.
Өтініштерді қабылдау электрондық форматта egov.kz арқылы жүргізіледі.
Мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- баланың туу туралы куәлігі;
- баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (№026/у-3 нысаны бойынша бала денсаулығы паспорты, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
- 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.
«Қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін тапсыра алады.
Еске сала кетейік, 1 ақпанда бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталды.