20 қатеден көп жіберген корректордың жалақысы 30 пайыз қысқаруы мүмкін

4 Қыркүйек 2020, 18:23
3479
Бөлісу:
20 қатеден көп жіберген корректордың жалақысы 30 пайыз қысқаруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай ұсынысты Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, академик Асқарбек Құсайынов оқулықтардың сапасы бойынша өткен онлайн жиналыс барысынды айтты.

Академик оқулықта кететін қателіктер жайына тоқталып, нақты ұсыныстар айтты.

Корректордың жұмысына аса мән беріліп, әр оқулықта оның аты-жөні көрсетіледі. Корректордың негізгі жұмысы – ол оқулықтағы әріп қателерге жауап береді. Баспада қызмет жасағанымда корректорлар оқулықтағы әр сөзді жеке-жеке сызғыш қойып, оқып отыратын. Демек, корректор оқулықтағы қатені қарағаны үшін еңбекақы алады. Соған тікелей жауапты, - деді Асқарбек Құсайынов.

Жаңа оқулықты қабылдау аппаратында 9 критерий бар. Соның ішіндегі критерийдің бірі – оқулықта қате жазылған және басылған сөздердің кездесуі. Әр қателер критерий бойынша бағаланады:

- қате жоқ болса, 3 балл; 
- 10 қатеге дейін 4 балл; 
- 20 қатеге дейін 1 балл, 
- одан көп қате болса, 0 балл қойылады.

Осыны корректорлардың жұмысын бағалауға да пайдалануға болады. Корректорлар мен баспа директорлары келісімшарт жасайды. Онда корректор жұмысына басымдық беріледі. Сол келісімшартқа 1 пункт қосуды ұсынамын. Айта кетсем, корректор 10 қатеге дейін жіберсе, онда оған ескерту жасалса, 20 қатеге дейін болса, ол оқулыққа 1 деген баға қойылады. Осы ретте корректор 20 қатеге дейін жіберсе, оның оқулықпен жұмыс жасаған кезіндегі еңбекақысының 30%-ы азайтылсын. Ал одан да көп қате шықса, онда 50%-ға қысқартылсын. Егер келісімшартқа осындай бір ғана бап қосылатын болса, корректорлардың жауапкершілігін нақты көрсетіп, еңбекақысына әсер ететін болса, олардың өз жұмысына деген көзқарасы өзгеретін болар. Өз жұмысына өте тиянақты қарайтын еді, - деп Асқарбек Құсайынов ұсынысын білдірді.

Яғни академиктің сөзінше, корректордың аты-жөні оқулыққа жазылғаннан кейін ол осы жұмысқа тікелей жауапты.

Энциклопедиялара қате мүлде болмайды. Неге? Алайда оның оқулықтарға қарағанда мағынасы да күрделі. Себебі энциклопедияларда салалық бөлімдер бар. Оны мамандар баспаға кеткенше, толығымен тексереді. Егер осы ұсыныстар қабылданса, онда оқулықтар қателерден арылатын еді, - деді Асқарбек Құсайынов.
Өзгелердің жаңалығы