-20 градус аяз: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 07:13
701
Бөлісу:
-20 градус аяз: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

4 наурызда еліміздің ірі үш қаласы мен 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар түсіп, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде тұман болады деп болжанады.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз де таулы аудандарда қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Астанада кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Қарағандыда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың батысында кей уақыттарда қалың қар түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз болуы мүмкін. Ақтауда көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Қызылорда облысының шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі, түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

4-6 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с құрайды. Алматыда 4-6 наурызда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 4-6 наурызда кей уақытта тұман, көктайғақ болады, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы