2 жылдан кейін Қазақстанның барлық жолында интернет болады

Бөлісу:
2 жылдан кейін Қазақстанның барлық жолында интернет болады

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, инфрақұрылым бөлігінде автомобиль жолдарын интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2024 жылы көшпелі тексеру, дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды егжей-тегжейлі талдау аяқталды. Нәтижесінде I кезеңде республикалық жолдар бойында 243 антенна-діңгек құрылыстары орнатылады, - дейді ведомство басшысы.

Ол үшін 104 антенна-діңгек құрылыстары бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.

"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2027 жылы республикалық және облыстық жолдардың 100%-ы мобильді интернетпен қамтылады. Осыған байланысты Министрлік антенна-діңгек құрылыстарын салуды бюджеттік қаржыландыруды қолдауды сұрайды, - деді Мәдиев Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы