Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы полициясы өгей әкесі ұрған салдарынан 2 жасар балының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғады.
"Қазір қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына ауыстырылып, («Кісі өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция департаментінің тергеу басқармасына берілді. Қылмыс 23 қыркүйек күні болған. Полицияға 16:00-де хабар түскен. Күдікті адам бірден ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қаласы полиция департаментінде.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өгей әке 2 жасар баланы соққыға жыққан болатын. Алғашында бұл іс бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Ауыр соққыдан баланың комада жатқанын да хабарлаған болатынбыз. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүлдіршінің 3 қазанда қайтыс болғанын хабарлады.