Жыл басынан бері 1 млн 900 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік жәрдемақы мен төлем тағайындалды. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл дүниеге келген бірінші, екінші және үшінші балалар үшін 131 мың теңге, ал төртінші және одан кейінгі балалар үшін 217 мыңнан астам теңге төленіп жатыр. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл төлем 305 мыңнан астам анаға төленді. Жыл басынан бері жәрдемақы 539 мың отбасыға жалпы сомасы 339 млрд теңге мөлшерінде төленді. 10 айдың қорытындысы бойынша төлемді 248 мыңнан астам адам алды,- дейді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев.