2 миллионнан астам қазақстандық қызылшаға қарсы вакцина алады

9 Тамыз 2019, 15:47
2090
Бөлісу:
2 миллионнан астам қазақстандық қызылшаға қарсы вакцина алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жыл басынан бері қызылша ауруының 9 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен шарада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі басқармасының төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.

Биыл қыркүйек айында 20 жастан асқан 2 миллионнан астам адам қызылшаға қарсы вакцина ала алады.

«Бүгінгі таңда республикада қызылша ауруының 9 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл ауру вакцинацияланбаған балаларда жоғары болды. Осы мақсатта штаб құрылды: ол әрдайым жұмыс істейді, бірақ инфекцияны таратпау бойынша қарқынды жұмыс ырғағына көшті. Балаларды егу мерзімдері 12 айдан 9 айға ауыстырылды, бұл бірінші жартыжылдықтың аяғында қызылша ауруының төмендеуіне себепші болды», - дейді Людмила Бюрабекова.

Бүгінгі таңда министрлік 20-29 жас аралығындағы ересектерді вакцинациялау бойынша қосымша іс-шаралар жүргізуде.

«2 миллионнан астам адам қамтылып, қыркүйек айында бірыңғай дистрибьютер арқылы вакцина сатып алынғаннан кейін вакцинациялау басталады. вакцинация қыркүйек айында вакцинаны бір дистрибьютор сатып алғаннан кейін басталады. Бұл қызылша мен қызамыққа қарсы D вакцинасы болады», - дейді ол.

Оның айтуынша, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда аса қауіпті инфекциялармен бірде-бір жағдай тіркелмеген.

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 жұқпалы аурудың таралуын азайтуға мүмкіндік туды. Мысалы, вирустық гепатит А 2,5 есе, паротит 2,6 есе, менингококк инфекциясы 49,4%, сальмонеллез 26,5% азайған», - дейді Людмила Бюрабекова.

Өзгелердің жаңалығы