Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында мол көлемде жаңбыр жауады. Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, дауыл болуы және бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Сондай-ақ бұршақ жаууы да ықтимал..
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бірқатар аумақтарда дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағаймен бірге жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағаймен ойнап, жел соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі. Күндіз кей өңірлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Атырау облысында күндіз қатты күн ысиды.