2 мамырда автобус жүрмейді – Елорда

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамырда Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/COPLghTMO8l/?utm_source=ig_web_copy_link">әлеуметтік желідегі</a> парақшасында жазылды.</h4>

 30 Сәуір 2021 2021, 03:30
30 Сәуір 2021 2021, 03:30
1559

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамырда Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі және дүйсенбі күндері, 1 және 3 мамырда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

Жол ақысы карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы, қолма-қол ақшасыз төленеді, – делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Наверх