Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста күн ашық болады.
Кей жерде тұман, желдің күшеюі, тұман, дауыл, бұршақ, батыста шаңды дауыл болуы ықмтимал.
Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді.
Атырау облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі.