2 алтын, 3 қола. Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден жеңіспен оралды

9 Наурыз 2021, 19:14
2148
Бөлісу:
2 алтын, 3 қола. Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден жеңіспен оралды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу облысы, Долгопрудный қаласында каратэ мен паракаратэден 11-бүкілресейлік ашық ойындар аяқталды.

Ойынға арнайы шақыру бойынша Қазақстаннан жас параспортшылар да қатысты. Жерлестеріміз екі алтын және үш қола медаль әкелді.

Қазақстанның атынан 5 спортшы қатысты - Мейіржан Адияров, Диас Қадыр, Ілияс Жақсыбек, Айбек Тұрсынақын және Сұлтан Сағатбек. Балаларда тірек-қимыл аппараты бұзылған. Олардың барлығы «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ іске асырып жатқан «Саламатты болашақ» жобасы аясында бейімделген спорт секцияларына барады. 

2 алтын, 3 қола. Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден жеңіспен оралды

Мейіржан мен Диас командаға екі «алтын», Сұлтан мен Ілияс қола медальға ие болды. Айбек Тұрсынақын ТҚАЗ (тірек-қимыл аппараты зақымданған) Спорттық жекпе-жек федерациясының президенті Сергей Семайкиннен жеке медаль алды.

Бұл спортшылардың өзге елге барып қатысқан алғашқы жарыстары, олар өте мұқият дайындалды, жаттығуға көп сағат жұмсады, күн тәртібін күшейтті.

Мен жарыстарға достарыммен және сенсеймен бардым. Каратэмен 4 жылдан бері айналысып келемін. Бұрын жарыстарға қатысып тұрдым. Бірақ тек Қазақстанда. Сондықтан осы жолы қатты уайымдадым. Жарыс алдында біз күн сайын жаттығып жүрдік, менің барлық досым жүлделі орындарға ие болғысы келді. Мейіржан екеуміз «алтын» жеңіп алғанымызға өте қуаныштымын. Басқа достарым үшін де өте қуаныштымын. Олар қола медаль алды, - дейді Диас Қадыр.

2 алтын, 3 қола. Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден жеңіспен оралды

Балаларды жарыстарға сенсей, көп жылдан бері «ерекше» балалармен жұмыс істеп келе жатқан жаттықтырушы Жәңгір Жұмабеков дайындады.

Паракаратистер командасының жарысқа қатысуы «Жас дарындар» жол жүру гранттарын ұсыну жобасының арқасында мүмкін болды.

Бірнеше жыл бұрын біздің елімізде бейімделген дене шынықтыру дегеннің не екенін ешкім білмеді. Ал бүгінде біздің спортшылар халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, бірінші орындарға ие болуда. Біздің қолдауымыздың арқасында БДТ әдістемелік құралдары әзірленіп, білім беру жүйесіне енгізілді, бейімдеу секциялары бүкіл Қазақстан бойынша ашылуда - бұл ірі жүйелі әлеуметтік өзгерістердің шағын бастамасы ғана, - дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ басшысы Нұргүл Үлжекованың айтуынша, жарысқа қатысу балалардың спорттық көкжиегін кеңейтіп, баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік берді.

2 алтын, 3 қола. Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден жеңіспен оралды

Олар үшін әрбір жарыс - бұл өз-өзін жеңу, шексіз мүмкіндіктерін көрсету мүмкіндігі және өзінің спорттық шеберлікке деген ұмтылысында дені сау құрдастарынан қалмау. Мүгедек балалардың спорттағы мұндай жетістіктері басқа балалар үшін жақсы үлгі болады деп сенемін. Өйткені спорт адам өмірінің барлық саласын қамтитын үздіксіз оңалтудың ең тиімді құралы бола алады, - деп атап өтті Нұргүл Ульжекова.

Айта кетейік, «Жас дарындар» жобасы дарынды балаларға республикалық және халықаралық жарыстарға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу үшін жол жүру гранттарын ұсынады. Жол жүру грантын алуға өтінімді 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары, балалар ұжымдарының, әлеуметтік мекемелердің басшылары бере алады.

2 алтын, 3 қола. Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден жеңіспен оралды

Өзгелердің жаңалығы