19 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 20:48
Бүгiн 2026, 20:48
170
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде қар жаууы мүмкін.

Сонымен қатар республика бойынша тұман күтіледі.

Солтүстік және шығыс аймақтардың тұрғындары көктайғаққа дайын болғаны жөн, ал оңтүстік өңірлерде екпіні күшті жел соғады.

Наверх