19 наурызда сайлауға шетелдік 793 байқаушы қатысады

13 Наурыз 2023, 18:28
1422
Бөлісу:
19 наурызда сайлауға шетелдік 793 байқаушы қатысады
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін шетелдік байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. ОСК қанша шетелдік байқаушы ресми тіркеуден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің қорытындыларын жариялады.

Халықаралық байқау институты жұмысын бастағалы бері 11 қаулы қабылданды. Биыл 20 қаңтарда қабылданған қаулының негізінде аккредитация 2023 жылғы 13 наурызда Астана уақыты бойынша 18.00-де аяқталды. Осылайша 41 шет мемлекет пен 12 халықаралық ұйымнан 793 байқаушы ресми тіркеуден өтті, - деп баяндады Мұхтар Ерман.

Бұған дейінгі ақпарат бойынша ОСК шетелдік 322 байқаушыны ресми тіркегенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы