19 миллионыншы тұрғынның отбасына қандай сыйлық жасалды?

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.</h4> <p> </p>

 4 Тамыз 2021 2021, 16:36
4 Тамыз 2021 2021, 16:36
5009

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев жаңа туған нәрестенің ата-анасының үйіне құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат сыйлады. Сондай-ақ бала арбасын, сәбиді күтуге арналған жинақ, жеміс толған себетті сыйға тартқан екен.


Сонымен қатар Жанияның екі үлкен әпкесіне смартфондар сыйлаған.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 19 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуі 3 тамызда белгілі болды. Қуанышты жаңалықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Сондай-ақ, еліміздің 19 миллионыншы тұрғыны қалай таңдалғанын жазған болатынбыз. 

Наверх