19 мемлекеттік органы қызметкерлері салалық кеңестер құру бойынша оқудан өтті

21 Қараша 2023, 18:10
682
Бөлісу:
19 мемлекеттік органы қызметкерлері салалық кеңестер құру бойынша оқудан өтті
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбекмині жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестер құру, мемлекеттік органдар өкілдері үшін салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша семинарлар циклін өткізуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 19 орталық мемлекеттік органның қызметкерлері үшін барлығы 4 семинар өткізіліп, оған 113 сарапшы қатысқан.

Семинарларды өткізудің барлық кезеңінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктері мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері оқытудан өтті.

Семинарлар аясында салалық кәсіптік біліктілік кеңестерінің алдында тұрған міндеттер, сондай-ақ оларды құру тетігі талқыланды. Қатысушыларға СБШ әзірлеу және өзектендіру кезеңдері ұсынылды, ондағы бөлімдердің мазмұны түсіндірілді және оларды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге талдау жүргізілді.

Сондай-ақ, кездесулерде қатысушылар пікір алмасып, проблемалық мәселелер талқыланды, кәсіптік стандарттар бойынша кәсіптер карточкаларын әзірлеу мысалдары қаралды.

Сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне арналған семинарлар циклі Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы