Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп болжайды.
«Еліміздегі антициклон алдағы үш күнгі ауа райын анықтайды. Сондықтан республиканың көптеген өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі, ал түнгі және таңғы уақыттарда көріну қашықтығы 500 м-ден төмен болатын тұман сақталады», - деп болжайды синоптиктер.
Тек қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын күтіледі, ал оңтүстікте өткінші жауын мен найзайғай болады.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын, ал оңтүстігінде 5-7° C жоғары.