184 рет жылдамдықты асырған азаматқа 3,5 млн теңге айыппұл салынды

14 Ақпан 2021, 07:45
1834
Бөлісу:
184 рет жылдамдықты асырған азаматқа 3,5 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда шетелдік нөмірлі көлікпен жүйткіген 29 жастағы көрші елдің азаматы ешбір ережені елемепті.

Жол ережесін бұзған жүргізуші Қостанай жолдарында тұрған камера көзіне былтыр 20 маусымнан бастап түскен. 10 ақпанға дейін ол 184 рет жылдамдықты шамадан тыс асырып, 3,5 млн теңге айыппұл арқалаған, деп жазады kolesa.kz

Ford Galaxy тізгіндеген «шабандозды» полицейлер жуырда ұстады. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші жалған сақтандыру полисі жасалған көлік мінген. Енді ол ереже бұзғаны үшін ғана емес, жалған құжат жасағаны үшін де жауапқа тартылады.

Тәртіп сақшылары берген ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылдың алғашқы айында «Автоураган» кешендері шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілері тарапынан 1 676 ереже бұзу сәтін тіркеді. Жалпы сомасы 10,2 миллион теңге болатын 700 хаттама толтырылған.

Өзгелердің жаңалығы