Алдағы үш жылда 180 колледж бен 20 жетекші жоғары оқу орны құрылады – Тоқаев

4 Шілде 2019, 17:37
2283
Бөлісу:
Алдағы үш жылда 180 колледж бен 20 жетекші жоғары оқу орны құрылады – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті.

Президенттің мәліметінше, 2018 жылы мектепке барған балалар болашақта әлі пайда болмаған мамандықтар бойынша жұмыс істейтін болады. Қазіргі көптеген мамандық жоғалып, адамдарға басқа салаға мамандануға тура келеді. 

«Біз өзіміздің білім саласындағы, ол бастауыш, орта немесе жоғары білім болсын, барлық кемшіліктерді жақсы білеміз. Біз жеткен жетістіктермен мақтанып, тоқтап қалмаймыз. Білім саласындағы реформалар әлі алда. Бізге бірінші кезекте, білім сапасы мен стандарттарын жақсарту керек. Алдағы үш жылда 180 колледж бен 20 жетекші жоғары оқу орны құрылады. Біз осы мақсатқа республикалық бюджеттен тек бірінші кезеңде 58 млрд теңге бөлеміз. Бұл шамамен 150 млн доллар. Бастысы, біздің шетелдік әріптестерімізді белсенді түрде тарта отырып, білім беру бағдарламаларын барынша жаңартып, жаңғырту қажет», - деді отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап өтсек, бүгінгі пленарлық отырыс тақырыбы: «Адам капиталын дамыту».

ҚР президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, 300-ге жуық мемлекеттік орган, ұлттық және трансұлттық компания басшысы, халықаралық және қаржылық ұйым өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы