18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

18 Сәуір 2019, 08:15
1674
Бөлісу:
18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады.


Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерде көктайғақ, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз кей жерде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Атырау облысында жел 18-23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы