18 қазанда республикалық автожолдардағы ауа райы қандай болады

Кеше, 21:20
185
Бөлісу:
18 қазанда республикалық автожолдардағы ауа райы қандай болады

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 18 қазанда  Атырау, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Жетісу мен Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы