Астана, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамынша, 18 наурыз күні Қазақстанның батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Басым өңірде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, түнде кей жерде көктайғақ болады, күндіз кей жерде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысында түнде кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.