18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18 Ақпан 2020, 08:15
2050
Бөлісу:
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 ақпанда республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 

Елдің солтүстік бөлігінде қар күтіледі, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік-шығыста қар, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.

Өзгелердің жаңалығы