+17°С-қа дейін жылынады: алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

16–18 наурызға арналған ауа райы болжамы.

 pixabay.com Кеше 2026, 20:48
Кеше 2026, 20:48
388
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мамандары 16–18 наурыз аралығында еліміздің үш ірі мегаполисіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соған сәйкес, Астанада аздаған қар жауып, түнде -10°С-қа дейін аяз күтіледі, Алматыда жауын-шашын болмайды, ал Шымкентте жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт +17°С-қа дейін жылынады.

Астана бойынша ауа райы болжамы

  • 16 наурыз: құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік бағыттағы жел 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз 0+2°С.
  • 17 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +1+3°С.
  • 18 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз +1+3°С.

 

Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 16 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +6+8°С.
  • 17 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8+10°С.
  • 18 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С.

 

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

  • 16 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +13+15°С.
  • 17 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +15+17°С.
  • 18 наурыз: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С.

 

Наверх