Кеше Алматы қалалық автобаза басшылығымен жалақы қарызын талқылауға ашулы ондаған жүргізуші жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүргізушілердің "КТК" арнасына берген сұхбатында тасымалдаушы компания олардың әрқайсысына 400 бен 800 мың теңге аралығында қарыз екендігі айтылған. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері 170 қызметкер ақшасыз қалған.
Олардың паркі бес бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Бағытта күн сайын 79 автобус жүреді.
Ашуға мінген жүргізушілер жұмыстың қиын екенін түсіндірді.
Біз сағат 04:00-ден бастап жұмыс істейміз. Соңғы сапарымыз 23:39-да, сосын жанармай құю бекетіне барамыз. Үйге жеткенше сағат 03:00 болды, сосын жұмысқа қайтамыз. 15 күн жұмыс істегенімізге 500 мың айлық алу керек еді, бірақ екі айдан бері ақшамызды ала алмай жүрмін. Мысалы, кредитті кредитпен жаптым. Бұл айда қалай төлейтінімді білмеймін, – дейді жүргізуші Бақыт Айтмырзаев.
"Neo City Trans" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры да, әкімдік те күтуді сұрайды. Жүргізушілерді ақшаның бөлініп қойғанына және жақын арада компанияның есепшотына түсетініне сендірді.
Ережеге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар айының субсидиялары есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін, яғни 20 ақпанға дейін төленеді деп жоспарлануда, - дейді қалалық моильділік бөлімінің басшысы Азамат Ешанқұл.