17 жастағы шахматшы төрт дүркін әлем чемпионын жеңіп кетті

20 Сәуір 2023, 10:15
1077
Бөлісу:
17 жастағы шахматшы төрт дүркін әлем чемпионын жеңіп кетті
Фото: https://chessnews.info/

Жас қазақстандық шахматшы Астанада өткен әйелдер құрамалары арасындағы турнирде сенсация жасап, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдер арасындағы халықаралық шебер Меруерт Камалиденова төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифанды жеңді.

Ал құраманың тағы бір мүшесі Алуа Құрманова рапид пен блицтен әлем чемпионатының қола жүлдегері Савит Шриден (Үндістан) басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы әлем құрамасына 55:73 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін басқа шахматшымыз Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде сенсация жасаған еді.

Өзгелердің жаңалығы