Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF юниорлар рейтингінде 12-орынға көтерілді. Бұл туралы ITF баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17 жастағы қазақстандық теннисші 2026 жылғы алғашқы юниорлық «Үлкен дулыға» турнирі - Australian Open басталар алдында әлемдік рейтингте 12 сатыға көтерілді.
Рейтингтің лидері болып болгариялық Иван Иванов тұр. Ол былтырғы жылы Заңғарды юниорлық US Open турнирінде жеңген болатын.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші өткен күзде юниорлық US Open турниріндегі жартылай финалда сенсациялық жетістікке жетті.
Заңғар бірнеше топ-10 ойыншыларды жеңіп, «Үлкен дулыға» турнирінде жоғары нәтижеге жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанған.
Еске салайық, Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турниріндегі жетінші жекелей титулын жеңіп алған.