Маңғыстауда 17 метрлік шырша өртеніп кетті

1 Қаңтар 2020, 15:34
10666
Бөлісу:
Маңғыстауда 17 метрлік шырша өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 17 метрлік жасанды шырша өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сағат 06:10-да Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау ауылының орталығында 17 метр жаңа жылдық жасанды шырша өртенді. Өрт 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ресми хабарламада. 

Өрттің шығу себебі электр сымдарының тұйықталуы деген болжам бар. 

Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамының бес адамы және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы