Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі коронавирус індетіне қатысты мәліметтерді жариялады.
Өткен тәулікте 575 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 575 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 981 435 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 75, Алматы қаласында - 39, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 61, Ақтөбе облысында - 4, Алматы облысында - 19, Атырау облысында - 11, Шығыс Қазақстан облысында - 23, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 105, Қостанай облысында - 57, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 67, Солтүстік Қазақстан облысында - 80, Түркістан облысында - 5.
Қазақстанда 791 адам коронавирус инфекциясынан жазылды
Нұр-Сұлтан қаласында - 100, Алматы қаласында - 32, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 63, Ақтөбе облысында - 16, Алматы облысында - 28, Атырау облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 49, Жамбыл облысында – 18, Батыс Қазақстан облысында - 13, Қарағанды облысында - 108, Қостанай облысында - 175, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 69, Солтүстік Қазақстан облысында - 108, Түркістан облысында - 1. Елімізде барлығы 951 109 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Вакцинация
2021 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 884 288 адам, 2 - ші компонентін 8 339 523 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау
2021 жылғы 15 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының І-ші компонентімен Жасөспірімдер – 159 514, Жүкті әйелдер – 12 048, Бала емізетін әйелдер – 29 322. ІІ-ші компанентімен Жасөспірімдер – 22 668, Жүкті әйелдер – 2 191, Бала емізетін әйелдер – 5 156.
294 адамның жағдайы ауыр
16 желтоқсандағы мәлімет бойынша 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (17 430 КВИ+ және 2 666 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
3 536 пациент стационарда,
16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
294 адамның жағдайы ауыр,
89 пациенттің жағдайы өте ауыр,
67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Матрица
2021 жылғы 16 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта:
«Сары» аймақта : Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.