16 қыркүйекте басталады. "Отау" мен "Наурыз" бағдарламаларының шарттары қандай

Бүгiн, 12:54
512
Бөлісу:
16 қыркүйекте басталады. "Отау" мен "Наурыз" бағдарламаларының шарттары қандай
Фото: Артём Чурсинов -архив

Отбасы банктің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға қосымша қабылдау 16 қыркүйекте басталып, 25 қыркүйекті қоса алғанға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысуға өтінімді Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) беруге болады. Бұған дейін "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысушылардың негізгі тізіміне енбеген, сондай-ақ банктің тұрғын үй бағдарламаларына қатысу туралы шешім қабылдаған қазақстандықтар қол жеткізе алады.

Қазақстандықтар үшін тағы бір жақсы жаңалық – клиенттердің тәжірибесін зерттеп, азаматтардың тілектерін тыңдағаннан кейін Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттарын бір жүйеге келтіру туралы шешім қабылдады.

Енді Отау бағдарламасына қатысушылар үшін:

- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті қатысуға өтінім бергенге дейін ашуға болады;

- несиенің максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;

- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;

- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін) дейін төмендетілді;

- Наурыз бағдарламасы негізінде екі бағдарлама бойынша бірдей жүргізілетін ұпай есебі.

Бүгінгі таңда 1 900-ден астам қазақстандық отбасы "Наурыз" бағдарламасы бойынша қоныс тойын атап өтті, «Отау» бағдарламасы бойынша тағы 1734 адам несие алды. Тағы 5000-ға жуық адам қарыздар бойынша мақұлдау алды және сатып алуға қолайлы баспана іздеуде. Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) олардың барлығына таңдау үшін 560 тұрғын үй кешені ұсынылған, онда қазір 9 183 пәтердің кез келгенін брондауға болады.

Өзгелердің жаңалығы