"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 3 наурызда үш мегаполис пен 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада түнде және таңертен тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Жезқазғанда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, сондай-ақ орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Ақмола облысының шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, қар жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солүстік-шығысында, орталығында бұрқасын жүріп, тұман болуы ықтимал. Түнде облыстың батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны 20-22 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады. Ақтауда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оралда да түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Қонаевта кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.
Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шымкентте жауын-шашын, көктайғақ, тұман, түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының батысында, отралығында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман болады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.