Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын болады.
Солтүстікте, солтүстік-батыста, және онтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, найзағай, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болуы мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстараның кей жерінде, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.