Қарағанды облысында 16 бала COVID-19 індетін жұқтырған

16 Сәуір 2020, 15:56
1563
Бөлісу:
Қарағанды облысында 16 бала COVID-19 індетін жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус індетін жұқтырған 16 бала емделіп жатыр. 

16 сәуірде Теміртау қаласында 10 жасар балада індет белгілері анықталды, - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, инфекциялық бокстарда 14 жасқа дейінгі 16 жасөспірім жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, емдеу курсынан өтуде.

Бүгін таңертең 10 жастағы баладан бөлек 47 жастағы әйелден де коронавирус инфекция анықталған. 

Әйел - 47 жаста, ол Теміртауда тұрады. Бұрын жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынасы болған. Он жасар бала да Теміртаудан. Сондай-ақ, ол бұрын жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынасы болды. Бұл екі оқиға өткен тәулікте анықталды, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

16 сәуірде Қарағанды облысында 84 жұқтыру оқиғасы тіркелген. Оның бір оқиғасы қайғылы аяқталған. Екі пациент жазылып шықты. Осыған сәйкес дәрігерлер қала бойынша аурудың статистикасын ұсынды:

Қарағандыда - 45 оқиға;

Теміртау қаласында - 18 оқиға;

Шахтинск қаласында - 7 оқиға;

Саран қаласында - 1 оқиға;

Бұқар Жырау ауданында - 1 жағдай;

Шет ауданында -1 жағдай;

Басқа қалалардан (ұшақ жолаушылары) - 11 оқиға.

Сондай-ақ, дәрігерлер індет жұқтырған науқастардың жас аралықтарына талдау жасады. Олар  20-29 жас аралығында – 17 адам, 14 жасқа дейінгі балалар – 16, 30-39 жас аралығында – 13 адам, 60 жастан асқан адамдар – 12, 40-49 жас аралығында — 15 адам, 50-59 жас аралығында – 8 адам, жасөспірімдер арасында – 3 адам. 

18 сәуірден бастап Қарағанды облысында күшейтілген карантиндік шаралар қабылданады.  22:00-ден 05: 00-ге дейін карантиндік аймақ ішінде жеке автокөлікпен жүруге болмайды. Жұмыстан алынған қағаз анықтамалар жарамсыз болады. Теміртауда жеке автокөлікпен жүруге толықтай тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы