16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин видеодан 28 Қаңтар 2026, 22:40
28 Қаңтар 2026, 22:40
623
Фото: скрин видеодан

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.

Наверх