158 миллионға бағаланған сырғалар: олигархтардан тәркіленген бұйымдар саудаға қойылды

18 Ақпан 2025, 19:15
397
Бөлісу:
158 миллионға бағаланған сырғалар: олигархтардан тәркіленген бұйымдар саудаға қойылды
Фото: t.me/atamekenbusiness

"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылады:

‒ 4 наурыз — 15 актив,

‒ 5 наурыз — 10 актив,

‒ 6 наурыз — 36 актив,

‒ 7 наурыз — 2 актив.

Активтер ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда ұсынылады, бұл қатысушыларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Cartier Love білезігі мен сақинасының бастапқы бағасы – 3 081 508 теңге, Chopard алқасы – 2 779 632 теңге, Versace білезігі – 640 000 теңге.

Сауда-саттыққа қалай қатысуға болады?

Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.

Өзгелердің жаңалығы