Жамбыл облысында 1500 теңге қарыз берген қазақстандық борышкермен төбелесіп, 3 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тұрар Рысқұлов ауданының соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша азамат Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабының 1-бөлігі).
Белгілі болғандай, 2025 жылдың тамыз айында Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны, сотталушы Б. жәбірленушіні масаң күйінде көріп қалып, одан 1500 теңге көлемінде қарызын қайтаруды сұраған. Алайда жәбірленуші оны мойнынан ұстап алып, қыса бастаған. Сол сәтте төбелес басталған. Нәтижесінде сотталушы жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, 4 қабырғасын сындырған.
Сот үкімімен Б. ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 63-бабын қолдана отырып, тағайындалған жаза шартты деп танылды, - деп хабарлады Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.