Қазақстанның соңғы жаңалықтары

15 жастағы жасөспірім пиротехникадан қолынан айырылды

Бөлісу:
 Shutterstock/InfinitumProdux/FOTODOM
Фото: Shutterstock/InfinitumProdux/FOTODOM

Гамбургте қолдан жасалған пиротехниканың кесірінен ауыр жағдай болды: 15 жастағы жасөспірім Чехиядан заңсыз әкелінген петардалардан құрастырылған құрылғы жарылып, бір қолынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап. 

Жасөспірім өзімен қатарлас досымен бірге қалалық саябақта шамамен 10 қуатты петарданы бір топтамаға желімдеп көруге тырысқан.

Олар фитильді тұтатқан, бірақ алғашқыда еш реакция болмаған. Ер бала екінші рет сіріңке жақпақ болған сәтте құрылғы лезде жарылып кеткен. Жарылыс оның қолын жұлып әкеткен, ал қасындағы жасөспірім қатты шок алғанымен, құтқарушыларды шақыруға шамасы келген. Зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, арнайы клиникаға жеткізілді.

Полиция кейін зардап шеккен баланың үйіне барып, дәл сондай жүзге жуық заңсыз петарданы тапқан. Барлық пиротехника тәркіленді, оқиғаның мән-жайын анықтау жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы