15 жастағы қыз үйінен қашып, Шымкентте пәтер жалдап тұрған

27 Мамыр 2021, 19:16
5796
Бөлісу:
15 жастағы қыз үйінен қашып, Шымкентте пәтер жалдап тұрған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 15 жастағы қыз үйден қашып, Шымкентте пәтер жалдап тұрыпты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Биыл 26 мамырда сағат 10:00-де әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Н. Жүсіпов өзінің белгіленген аумағында жұмыс атқару кезінде жалдамалы пәтерде 2006 жылғы жасөспірімнің жалғыз тұрып жатқанын анықтады. Сұрастыру барысында Түркістан облысы Арыс қаласынан жасөспірім өз үйінен кетіп қалғанын айтып, түсіндірді, - делінген хабарламада.


Тәртіп сақшысы жасөспірім қыздың ата-анасына хабарласып, дін-аман табыстады.


Өзгелердің жаңалығы