15 жастағы қызды жүкті еткен 70 жастағы зейнеткерге сот үкімі шықты

Қарт адам 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 12:02
Бүгiн 2026, 12:02
546
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында “15 жастағы оқушы қызды зорлап, жүкті етті” деп айыпталған 70 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол Қылмыстық кодекстің “Зорлау” бабы және “Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу” бабымен кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот іс материалдарын зерттеп сотталушының іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар деген тұжырымға келді. Сіз сотта айыпты мойындаған жоқсыз. Бұл әрекетке қатысым жоқ деген позицияны ұстандыңыз. Алайда сіздің уәждеріңіз сотта алынған жәбірленушінің жауаптарымен, іске тіркелген бірнеше сот сараптама қорытындыларымен жоққа шығарылды, — деді судья Дәурен Мадалиев.

Аталмыш іс сотта жабық қаралды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх