Қазақстанның соңғы жаңалықтары

15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгiн, 21:02
224
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 15 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райының жалпы болжамын бөлісті. Мамандардың болжамынша, еліміздің батысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың болжамынша, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен аязды, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, көктайғақ пен тұман түсуі жатқызылады, - деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы