15 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, тек шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, қар жаууы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, екпінді жел соғады.