1,5 млрд юань: Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне тегін грант береді

Елордада өтіп жатқан "Орталық Азия-Қытай" екінші саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне 108 млрд теңгеден астам қайтарымсыз грант бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Ақорданың баспасөз қызметі 17 Маусым 2025 2025, 17:50
17 Маусым 2025 2025, 17:50
1353
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Елордада өтіп жатқан "Орталық Азия-Қытай" екінші саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне 108 млрд теңгеден астам қайтарымсыз грант бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз 2025 жылы Орталық Азия елдеріне 1,5 млрд юань көлемінде қайтарымсыз грант ұсынуға дайынбыз. Бұл грант халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды жобаларды қолдауға бағытталады, - деп атап өтті ҚХР төрағасы.

Айтуынша, бұл ақша тұрақты даму жобаларын қолдауға арналған. Грант 5 елдің маңызды жобаларын қолдау үшін беріледі.

Сондай-ақ Қытай алдағы екі жыл бойы Орталық Азия мемлекеттеріне кәсіби дайындық курстарына 3 мың квота бөлуге ниетті.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында "Орталық Азия-Қытай" ІІ саммиті өтіп жатыр. Сондай-ақ, Қорғас Қытаймен саудада ынтымақтастық орталыққа айналатыны айтылды.

Наверх