144 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді

Бүгiн, 14:33
107
Бөлісу:
144 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді
Фото: Арман Мухатов -архив

Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл қыркүйек айындағы қарыз 144 млн теңгеден астам сома болған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелді.

Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы