14 жыл бұрын жоғалып кеткен шетелдік Қазақстаннан табылды

5 Сәуір 2019, 09:21
2274
Бөлісу:
14 жыл бұрын жоғалып кеткен шетелдік Қазақстаннан табылды

Алматы, BAQ.KZ. 2005 жылы ізтүзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы Түркістан облысы Ордабасы ауданынан табылды. Бұл туралы Timeskz.kz хабарлады.

Ер адамды ұрлық ісі бойынша тергеу жүргізген сақшылар тауып алған. Ұрылар дүкеннің төбесін тесіп кіріп, көп мөлшерде азық-түлікті ұралап әкеткен. Осы қылмыс бойынша күдікке ілінген Өзбекстан азаматы ұсталды.

Тергеу барысында шетелдіктің тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты, оның Ордабасы ауданы тұрғынына дене жарақатын салғаны анықталды. Ұсталушы жөнінде Өзбекстанға сұрау салынған.

Нәтижесінде ұсталған азамат 14 жылдан бері ізтүзсі жоғалғандар санатында екені және ата-анасы іздеп жүргені белгілі болды. Сондай-ақ тергеу барысында ол жеке тұлғасын растайтын жалғыз құжатпен жүргені анықталған. Яғни, туу туралы куәлігімен Қазақстанды кезіп, уақытша жұмыспен күнелтекен. Мемлекеттік шекарадан құжатсыз қалай өткені белгісіз.

Ізтүзсіз жоғалып кеткен адаммен кездесу үшін Түркістан облысына Өзбекстаннан оның әкесі мен бауыры келді. Күдіктінің әкесі Ориф Хошимов ұлын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы