14 жастағы мас қыз метрода құлады

16 Тамыз 2019, 17:38
8960
Бөлісу:
14 жастағы мас қыз метрода құлады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде метро ішінен бір адамды көтеріп алып шығып, жедел жәрдем көлігі алып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Не болғанын Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі айтып берді. 

Zakon.kz-тің хабарлауынша, оқиға 15 тамыз күні  "Жібек жолы" бекетінде болған.

"14 жастағы қыз бала қатты мас күйде, не істеп, не қойғанын білмейтіндей күйде болған. Метро қызметкерлері оны полицияның қолына тапсырды. Оқиға орнына қыздың анасы шақырылып, олар жедел жәрдеммен бірге токсикология бөліміне кетті", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының полицейлері кәмелетке толмаған жасөспірімнің ішімдік ішу фактісіне бойынша қандай шара қолданғанын айтты.

"Мас күйінде медициналық мекемеге жеткізілген 14 жастағы қыздың анасына қатысты Алмалы ауданының ювеналды полициясы ҚР әкімшілік заңбұзушылықтар туралы кодекстің 440-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қыздың анасы 1982 жылы туған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - деді ведомстводағылар. 

Сонымен қатар, қыздың ата-анасының ажырасқаны белгілі болды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш істің материалдары Алмалы ауданы әкімшілігіне қарасты кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесін қарайтын комиссияға жіберіледі. 


Өзгелердің жаңалығы