14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

14 Шілде 2019, 09:01
2092
Бөлісу:
14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 14 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбырмен бірге найзағай, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл күтіледі.

«Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ал күндіз бұршақ күтіледі. Маңғыстау облысында түнде кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді», - делінген хабарламада.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, кей жерде Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Қарағанды облыстарында өте қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Қызылорда, кей жерде Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы