Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР көп бөлігінде жаңбырлы ауа райын тудырады, жел соғады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша найзағай, тұман болады, елдің оңтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде, – деді ол.
Соңғы тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша 5 дауылды гидрологиялық ескерту шығарылды. Атап айтқанда, Ақмола облысында Балқашын ауылындағы Жабай өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 4 сағат ішінде 27 см көтерілуі жалғасуда.
Державинск қаласының Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі 12 сағат ішінде 21 см-ге жалғасуда. Су деңгейі қауіпті деңгейден 15 см-ге асқан.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында 14-18 сәуірде температуралық фонның жоғарылауына және 16 сәуірден бастап жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашынның болжамыны, сондай-ақ қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, еріген қар суы мен беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтіледі, - деді спикер.