14 наурызға арналған ауа райы болжамы

14 Наурыз 2019, 08:58
2605
Бөлісу:
14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, батыстың кей жерінде түнде қатты жауын-шашын жауады.  Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, кей жерде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с  күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15 м/с күшейеді, таңертең және күндіз көктайғақ болады. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. 

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жел болады, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі. 

ҚарағандыЖамбыл, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау ​​облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы